$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Орал полициясы жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен әйелді жер-көктен таппай жатыр (ВИДЕО)

Баланың мәйіті осыдан үш апта бұрын Зачаганск кентінен табылған еді

Орал полициясы жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен әйелді жер-көктен таппай жатыр (ВИДЕО)
Фото: freepik.com

Орал қаласының полициясы 14 тамыз күні жаңа туған сәбиінің денесін қоқыс контейнеріне тастап кеткен әйелді әлі таба алмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық полиция департаменті осы уақытқа дейін әйелді көп жерден іздедік дейді. Бірақ, іздеу шарасының бір де біреуі нәтижесі бермепті.

«Ананың жеке басын анықтау үшін полиция медициналық мекемелерде есепте тұрған әйелдерді тексеріп шықты. Тіпті, есепте тұрмаған, болмаса басқа қалаға көшуіне байланысты есептен шыққан әйелдерді де тексердік. Жақын маңдағы үйлердің ауласын, сол үйлердегі пәтерлерді араладық. Жер үйлер де түгел тексерілді. Жақын маңдағы камералар зерттелді. Бірақ, әйел әлі табылған жоқ», - деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Осы орайда полиция тұрғындардан көмек сұрап, осы баланың өліміне қатысты қандай да бір ақпарат пайда болса, 102, 98-15-01, 8-775-373-00-94 нөмірлеріне хабарласуды өтініп отыр.

Серіктес жаңалықтары