Автобус қоғамдық көлікке жатпайды
Астанада ішінде жолаушылары бар автобус жыраға құлап кетіп, бірнеше адам ауруханаға түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл фактіні редакциямызға қалалық полиция департаменті растап, ақпарат берді.
«Mercedes маркалы қызметтік автобус Қабанбай батыр даңғылымен келе жатып, бұрылар кезде рульге ие бола алмай, жыраға шығып кетті. Бірнеше адам ауруханаға түсті. Жол апатынан қаза тапқандар жоқ», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 2 маусым күні жолаушылар автобусы Республика даңғылымен келе жатып, жол жиегіндегі бағанға соғылған. Жол апаты салдарынан 15 адам ауруханаға түскен, оның ішінде алтауы – бала. Ауыр жарақат алған сегіз жасар қыз бала екі бірдей аяғынан айырылды. Зардап шеккен қыз бауырларымен бірге Астанаға қыдырып келген. Көпбалалы отбасы Ақмола облысындағы ауылда тұрады.
9 маусым күні елорда әкімдігі зардап шеккен баланың отбасына қаладағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады.