$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жуырда күйеуі қайтыс болған»: Астанада ұшақ апатынан қаза болған әйелдің артында үш баласы қалды

Үш баланың анасы Диана Ахметова жер қойнына тапсырылды

«Жуырда күйеуі қайтыс болған»: Астанада ұшақ апатынан қаза болған әйелдің артында үш баласы қалды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

43 жастағы Диана Ахметованың жаназасы бүгін өтті. Ол 17 тамыз күні Астананың маңында болған ұшақ апатында ұшқыш Арман Мусинмен бірге қаза тапқан еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Апат қалай болды

Екі орынды ұшақты Арман Мусин басқарған. Өкінішке қарай, әуе көлігі апатқа ұшырап, борттағы екі адам – ұшқыш пен жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Әуе апатына ұшыраған жолаушы – үш баланың анасы, 43 жастағы Диана Ахметова. Оқиға болған сәтте оның балалары үйінде қалған. Марқұмға 16 тамыз күнгі туған күніне орай арнайы сертификат берілген.

Отбасындағы қасірет

Жақындарының айтуынша, жуырда ғана Диана күйеуінен айырылған. Енді оның артында 19 жастағы қызы мен мектеп жасындағы екі ұлы жетім қалды.

«Ол өте белсенді, жанашыр әрі қамқор жан еді. Волонтер болып, ат клубтарына қатысатын. Үнемі өз отбасына ғана емес, өзгелерге де көмектесуге тырысатын. Диана көп жақсылық жасады, ешқашан біреудің қайғысына бейжай қараған емес», – дейді оның құрбысы блогер Ерлан Сәкеновке берген сұхбатында.

Министрлік мәлімдемесі

Айта кетейік, соңғы уақытта елімізде жеңіл әуе ұшақтарының қатысуымен болған екі бірдей апаттан кейін Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында жоспардан тыс тексерістер жүргізілуде. Қайғылы оқиғаға байланысты аталған компаниялардың ұшулары уақытша тоқтатылды.

Бүгін, 19 тамызда ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астана маңында болған апаттың нақты себебі тек бір жылдан кейін белгілі болатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары