Астанадағы ұшақ апатынан кейін 50-ге жуық жекеменшік әуе көлігі тексерілетін болды
Көлік министрлігі арнайы хабарлама таратты

Астана маңында апатқа ұшыраған ұшақ апатынан кейін бірқатар қаладағы әуе көліктері тексерілетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көлік министрлігінің мәліметінше, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 2025 жылғы 22 маусым мен 17 тамызда болған авиациялық оқиғаларға тікелей қатысы бар әуе кемелері пайдаланушыларының жұмысын тоқтатты.
«Ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттарының 49 әуе кемесі жоспардан тыс тексеріледі.
Сондай-ақ, жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын бағалайтын ұйымдардың қызметі де тексеріледі», – делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Астанадан 50 шақырым жерде ұшақ құлап, бірнеше адам қаза болғаны хабарланған болатын.