$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.06.2020, 17:06
Оқиғалар

«Алматыда қонақта болған»: Қояндыда із-түзсіз жоғалған 21 жастағы жігіт табылды

Жыл басынан бері Ақмола облысында 29 адам жоғалып, 25-і табылды

«Алматыда қонақта болған»: Қояндыда із-түзсіз жоғалған 21 жастағы жігіт табылды

Бұдан бұрын 21 жастағы Целиноград ауданының тұрғыны үйінен шығып, қайтып оралмағаны туралы хабарлағанбыз. Полиция қызметкерлері жас жігітті Алматы қаласында алаңсыз қыдырып жүрген жерінен тапты, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy  тілшісі Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Целиноград аудандық полиция бөліміне хабарласқан Қоянды ауылының тұрғыны баласы Хайрат Медеттің 31 мамырда үйінен шыққан күйі із-түзсіз жоғалғаны туралы осы жылдың 11 маусымында хабарлаған. Жергілікті полицияға арыз берген сәтте онымен байланысу мүмкін болмапты. Полиция бірнеше күн бойы Медеттің қайда кетуі мүмкін екенін анықтаумен болды. Жігіттің таныстары мен достары толық сұрастырылып шықты. Басқа облыстардың полиция қызметкерлерімен де байланысқа шықты. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары хабарсыз кеткен жас жігітті іздеп тапты. Үйінде ұзақ уақыт болмаған жігіт Алматы қаласында таныс достарының үйінде қонақтап, қыдырып жүргені белгілі болды. Бірақ ата-анасы мен туған-туыстарына өзінің қай жақта жүргенін айтуды жөн деп санамаған көрінеді. Хабарсыз кеткен жігітке қарсы қандай да бір қылмыстық немесе құқықбұзушылық әрекеттер жасалмаған», - деді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Ақмолалық тәртіп сақшылары өңір тұрғындарын тұрғылықты жерлерінен ұзақ уақытқа кеткен жағдайда қайда жүргені туралы туысқандары мен жақындарына ескертіп айтуды ұмытпауға шақырды.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары