$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

Трагедия болған учаскеде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды
Фото: t.me/qazavtojol

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше трагедия 15 тамыз сағат шамамен 14:00-де Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылы маңында болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Alphard маркалы жеңіл автокөлігі мен Volvo маркалы жүк көлігі бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам әртүрлі дене жарақатын алды», - деп жазылған хабарламада.

Оқиға болған жерді қарау барысында жол жамылғысының асфальтбетон екені, көріну қашықтығының шектелмегені және учаскенің түзу екені анықталды.

Аталған учаскеде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс жүргізу рұқсатына сәйкес тиісті жол белгілері орнатылған, сондай-ақ жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін шектеу енгізілген.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді жолда жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырды.

«Орнатылған ескертулер мен жол белгілеріне қарамастан, жол қозғалысы ережесін бұзу және жылдамдықты арттыру деректері тіркеліп жатыр. Бұл жол апатына әкеп соқтырып жатыр», - дейді мамандар.

Серіктес жаңалықтары