$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында жанжал пышақтасумен аяқталды: екі адам жараланды

Біреуі жансақтау бөліміне түсті

Алматы облысында жанжал пышақтасумен аяқталды: екі адам жараланды
Фото: gov.kz

Алматы облысында учаскелік полицей өз өмірін қауіпке тігіп, екі адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарасай ауданында ішімдік ішкен ер адамдар арасында жанжал туып, пышақтасуға дейін барған.

Бір тұрғын екіншісіне ас үй пышағымен соққы жасаған. Инспектор Бақыт Ғұмаров шабуылдаушының қолындағы қаруды шебер қағып түсіріп, оны дереу құрықтады. Осылайша ол қайғылы жағдайдың алдын алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысушылар алкогольдік ішімдік ішкен. Келіспеушілік барысында олардың бірі ет кесуге арналған пышақпен қарсыласына бірнеше рет соққы жасап, оның өміріне қауіп төндірген.

Үй иесі жанжалды тоқтатпақ болып араласқанда, өзі де жарақат алды. Ауыр жарақат алған жәбірленуші жансақтау бөліміне жеткізілді, ал екінші зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары