Трамп Зеленскиймен онлайн келіссөз өткізеді
Кейін Зеленский серіктес елдермен жеке бейнеқоңырау арқылы сөйлеседі

АҚШ президенті Дональд Трамп және вице-президент Джей Ди Вэнс Украина президенті Владимир Зеленский және Еуропалық одақ лидерлерімен қашықтан келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу екі кезеңнен тұрады:
- ЕО басшылары мен Зеленский арасындағы келіссөз;
- АҚШ делегациясының қосылуы.
Кейін Зеленский серіктес елдермен жеке бейнеқоңырау арқылы сөйлеседі.
NBC дерегінше, бұл келіссөздер 15 тамызда Аляскада өтетін Дональд Трамп пен Владимир Путин саммитіне дайындық ретінде өтпек. Саммиттің негізгі тақырыбы украин дағдарысын ұзақ мерзімді бейбіт жолмен реттеу.
Кремль саммиттің өтетін күні мен орнын растады. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Алясканы таңдау себебін түсіндіріп, бұл өңірде Ресей мен АҚШ-тың, әсіресе Арктикадағы, экономикалық мүдделері тоғысып жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, Мәскеу Трампты келесі кездесуді Ресейде өткізуге шақырды.
Бұған дейін Владимир Зеленский Аляскада өтетін Трамп-Путин келіссөзін «Путиннің жеке жеңісі» деп атаған болатын.