Жезқазғанда әкімдік қызметкері мен оның қызын үйінде өлтіріп кетті
Қылмыскер келіншекті мойын тұсынан 7 рет пышақтаған, ал қызын сыммен қылқындырып өлтірген

Жезқазғанда 1966 жылы туған әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын базбіреулер асқан айуандықпен өлтіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Almaty.tv-ға сітеме жасап.
Мойнынан пышақтаған
Аймақты дүр сілкіндірген қылмыс осыдан бірнеше күн бұрын болыпты. Бұған дейін қалалық әкімдікте есепші қызметін атқарған келіншекті қылмыскер мойын тұсынан 7 рет пышақтаған.
Ал Астанадағы халықаралық колледжде 2 курс оқитын қыздың денесі жатын бөлмеден табылды. Оның да мойнында зорлық белгілері бар. Яғни, бойжеткен сыммен қылқындырылуы мүмкін.
Күдікті ұсталды
Аталған қылмыс марқұмдардың пәтерінде болған. Қазір адамшошырлық дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы қылмысты жасады деген күдіктіні ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады», – деді полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болады.