$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкенттегі «Аяла Голд» иесі адамдардан 1 млрд теңге жинап алған: ҚМА төсек астынан не тапты (ВИДЕО)

Алтын бұйым сатамыз деген компания қаржы пирамидасы болып шыққан

Шымкенттегі «Аяла Голд» иесі адамдардан 1 млрд теңге жинап алған: ҚМА төсек астынан не тапты (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Қаржы мониторинг агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті прокуратураның үйлестіруімен «Аяла Голд» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компания әдеттегі схемаға сай, алтын сататын дүкен ретінде жұмыс істеген. Ал шын мәнінде халыққа үстінен 50-60 пайыз табыс көресіздер деп жалған ақпарат таратып, ақша жинаған.

Оларға инвестициялық табыстан емес, соңында келген адамдардың ақшасын алдыңғы адамдарға беріп, айналдырып отырған. Шамамен 400 адам осы қаржы пирамидасына 1 млрд теңге ақша салған.

«Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табысқа бой көтеріп жатқан тұрғын үй кешенінен екі пәтер сатып алған. Сот санкциясымен бұл пәтерлерге тыйым салынды. Бұдан бөлек, күдіктілер өз туыстарын қаржылық схемаға тартып, оларды «дроппер» ретінде пайдаланған — яғни басқа салымшылардан түскен қаражатты олардың банк реквизиттері арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған. Қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам екі айға қамалды», - деп хабарлайды ҚМА.

Айта кетейік, көктемде Шымкентте тура осындай компания - «алтын Назираның» зәулім үйінен бума-бума ақша мен 12 келі алтын табылған еді.

Серіктес жаңалықтары