Павлодардың екі тұрғыны Болгария азаматының 102 млн теңгесін қалай алдап алған (ВИДЕО)
Бірнеше жігіт банк қызметкері ретінде әрекет етіп, шетел азаматын сан соқтырып кеткен
Павлодар облысының екі тұрғыны Болгария азаматының 102 млн теңгесін ұрлап алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның ақпаратына сүйенсек, шетел азаматы осы жылдың мамыр-маусым айларында банк қызметкерлеріміз деп таныстырған екі азаматтың құрығына ілініп қалған.
«Қаскөйлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушіні ірі көлемдегі ақшаны бөгде адамдардың шотына аударуға көндірген. Түскен арыз бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмыстың екі ұйымдастырушысы анықталды. Олар Павлодар облысының тұрғындары. Сонымен қатар осы қылмыстық схемаға қатысы бар болуы мүмкін тағы төрт азамат анықталды», - деп хабарлайды полиция.
Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілердің Көкшетау қаласы мен Қорғалжын ауданында болған екі ұқсас алаяқтық фактісіне де қатысы бар болуы мүмкін.