$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада алты ер адам онлайн ойын арқылы танысқан мүгедек баланы жабылып зорлаған (ВИДЕО)

Күдіктілер бостандықта жүр

Астанада алты ер адам онлайн ойын арқылы танысқан мүгедек баланы жабылып зорлаған (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Астаналық әйел алты ер адам оның екінші топтағы мүгедектігі бар ұлын бірнеше рет зорлағанын мәлімдеді. Жаға ұстатарлық оқиғадан кейін төрт ай өтсе де, күдіктілер түрмеге қамалмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйелдің айтуынша, күдікті оның мүгедек ұлымен онлайн ойын арқылы танысып, бірнеше мәрте үйіне шақырған. Осыдан кейін алты ер адам баланы жабылып зорлаған. Сараптама баланың зорланғанын растаса да, полиция күдіктілерді қамауға алмаған, бәрі бостандықта жүр.

Осы оқиғадан кейін бала ауырып, дәрігерлер оған эпилепсия деген жаңа диагноз қойған. Ал жәбірленушінің анасы инсульт алған. Әйел тергеудің созылып кеткеніне наразы.

Azattyq Rýhy осы факті бойынша Астана қаласының полиция департаментінен түсініктеме сұратты.

«Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Соның аясында бірқатар сот сараптамасы жасалып, қорытындысы негізінде процессуалды шешім қабылданады. Барлық тергеу әрекеті қылмыстық процесске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып жүзеге асады», - деп жауап берді ПД.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпаратты жария етпеді.

Серіктес жаңалықтары