$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Полиция Созақтың таулы жеріндегі ірі плантацияны кинодағыдай басып алды (ВИДЕО)

Ол жерден 700 келі есірткі табылған

Полиция Созақтың таулы жеріндегі ірі плантацияны кинодағыдай басып алды (ВИДЕО)
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысы Созақ ауданының таулы аймағында есірткі плантациясын өсіріп жүрген үш азамат қолға түсті: полиция оқиға орнынан шытырман оқиғалы фильмдегідей видео таратқан, деп жазады Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, осы облыс бойынша «Қарасора-2025» атты есірткіге қарсы науқан өткен. Соның аясында полиция төбеден ірі плантацияны анықтап, оқиға орнына жетіп барған.

«Созақ ауданының таулы аймағында ірі плантация анықталды. Сол жерден Қызылорда облысының екі тұрғыны және Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталды. Олар 900 түп қарасора мен 260 түп көкнар өсірген және тіркелмеген қару асынып жүрген. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі өсімдіктердің салмағы 700 келі болды», - деп хабарлайды полиция.

Күдіктілер қамалып, полиция тергеу бастаған.

Серіктес жаңалықтары