03.08.2025, 13:28
Оқиғалар
Маңғыстауда тойда жаппай төбелес болды: қонақтар қамауға алынды
Ақтаудағы мерекелік кеш даумен аяқталды
Фото: © istockphoto.com
Маңғыстау облысында үйлену тойында төбелес шығарған бірнеше қонақ полиция бөлімшесіне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Мұнайлы ауданында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда ақ жейде киген ер адамдардың той кезінде бір-бірімен жаппай төбелеске кіріскені байқалады.
Полиция мәліметі: іс қозғалды
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалған.
«Барлық күдікті анықталып, Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр», – делінген полиция мәлімдемесінде.
Оқиға туралы бейнежазба тарады
- Желіде тараған видеода ер адамдардың ресторан алдында жаппай төбелесіп жатқаны көрінеді
- Кейбірі қонақтарды ажыратуға тырысқанымен, жанжал ушыға берген
- Қоғамдық тәртіпті бұзғандар полицияның араласуынан кейін ғана тоқтаған
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды