$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлем бойынша гастрольдік тур өткізген атақты әнші кенеден ауру жұқтырып алған

Ол бұл туралы өзінің желідегі парақшасында жазды 

Әлем бойынша гастрольдік тур өткізген атақты әнші кенеден ауру жұқтырып алған
Фото: @justintimberlake

Биыл дүниежүзі бойынша концерт қойған америкалық әнші Джастин Тимберлейк Лайм ауруына шалдыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол сырқаты туралы ақпаратты Forget Tomorrow атты гастрольдік турының соңғы концертінен кейін бөлісуді жөн көрген.

Тимберлейктің айтуынша, бұл дерт адамды физикалық, әрі психологиялық тұрғыдан қатты әлсіретеді. Ол турды тоқтату туралы да ойланған.

«Денемнің күйзелісін ұмыта тұрып, сахнаға шыққандағы қуанышты сезінгім келді. Турды жалғастырғаныма қуанамын», - деп жазды ол.

Лайм ауруы кене арқылы жұғады. Бұл дертке шалдыққан адамда шаршау, қызу көтерілу, буын ауруы, жүйке жүйесінің бұзылуы секілді белгілер болады. Ерте анықталып, уақытында антибиотикпен емделсе, сауығуға болады. Алайда емделмеген жағдайда жүрек пен жүйке жүйесін зақымдауы мүмкін.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, жыл сайын бұл дертке 476 мың адам шалдығады.

 

Фото: @justintimberlake

Серіктес жаңалықтары