22.07.2025, 16:20
Оқиғалар
Қазақстан мен Ресей арасындағы бір шекара бекеті келесі Жаңа жылға дейін жабылатын болды
«Сырым» автомобиль өткізу пункті жөнделіп жатыр
Фото: shekaraknbkz
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Сырым» автомобиль өткізу пунктінің ішіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты осы бекет уақытша жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, бекеттің іші жөнделіп, жаңарады. Компания осыған байланысты азаматтарға баламалы пункттерді ұсынған.
«Құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 4 тамыздан бастап «Сырым» өткізу пункті арқылы жеңіл және қоғамдық көліктер өте алмайды. Шектеу 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жоспарланып отыр», - деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».
Мемлекеттік шекараны өтуге арналған баламалы өткізу пункттері мыналар:
- «Шаған» (ҚР) / «Тёплое» (РФ) - екіжақты, Қазақстан және Ресей азаматтарына арналған. KZ07-01 Орал - РФ шекарасы (Шаған өткізу пункті) автомобиль жолының 33 шақырымында орналасқан;
- «Ақсай» (ҚР) / «Илек» (РФ) - халықаралық өткізу пункті. KZ07-04 Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы (Ақсай өткізу пункті) автомобиль жолының 144 шақырымында орналасқан;
- «Тасқала» (ҚР) / «Озинки» (РФ) - халықаралық өткізу пункті. KZ07-06 Орал - Тасқала - РФ шекарасы (Тасқала өткізу пункті) автомобиль жолының 104 шақырымында орналасқан.
Көп оқылған
20.09.2026, 15:13
21 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
21.09.2026, 16:52
Апалы-сіңлілі екі әйел 2 жыл бойы Астананың сол жағалауында 18 жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікке тартып келген (ВИДЕО)
20.09.2026, 08:43
Астанада 14 қабатты тұрғын үй кешенінде түнде өрт шықты (ВИДЕО)
20.09.2026, 13:23
Талдықорғандағы жаппай төбелес: полиция қылмыстық іс қозғады
20.09.2026, 14:40
Алматыда полициядан қашпақ болған күдіктіден 500 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді (ВИДЕО)
21.09.2026, 01:44
Қазақстанда бір тәулікте екі орман өрті тіркелді