$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ер адамды жасөспірімдердің көзінше пышақтап өлтірді (ВИДЕО)

Жасөспірімдер жантүршігерлік қылмыстың куәсі болды

Алматыда ер адамды жасөспірімдердің көзінше пышақтап өлтірді (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Алматының Ремизовка ауданында қаскөй ер адамды жасөспірімдердің көзінше пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға видеоға түсіп қалған

Оқиға орнында түсірілген видео Telegram каналдардың бірінде жарияланды.  

«Алдын ала мәлімет бойынша жәбірленуші – шабуыл жасағандардың бірінің өгей әкесі. Күдіктілер – марқұмның асырап алған қызы мен оның жігіті», - делінген хабарламада.

Полиция не дейді

Бұл оқиғаға Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады полиция.

Тергеу қылмыстың ер адамдар арасындағы тұрмыстық жанжал кезінде жасалғанын анықтады.

Серіктес жаңалықтары