Шарын шатқалында турист терең жыраға құлап кетті
Туристің достары құтқарушыларды шақырды

Шарын шатқалында терең жыраға құлап кеткен туристке Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көмекке барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өз бетінше шыға алмаған
«Шарын шатқалында Қостанай облысынан барған турист жыраға құлап кетіп, өз бетінше шыға алмады. Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында болды», - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.
Ер адамның достары көмектесуге әрекет жасаған, бірақ одан ештеңе шықпаған. Олар жақын жерде орналасқан ТЖМ механикаландырылған күзетінде кезекшілік еткен құтқарушылардан көмек сұраған.
Медициналық көмек қажет болмады
«Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде 1989 жылы туған ер адам құтқарылды. Оған медициналық көмек қажет болмады», - дейді ведомство мамандары.
ТЖМ азаматтарды туристік жорықта қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.