13.07.2025, 22:40
Оқиғалар
Павлодарда автокөлік ұрлап бара жатқан ер адам көз жұмды (ВИДЕО)
Оқиғаға қатысты тергеу басталды
Фото: видеодан скриншот
Павлодарда көлік ұрысы басқа көлікпен соқтығысқаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның мән-жайы
Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше көлік ұрлығы және жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«13 шілдеде ер адам Mercedes автокөлігін айдап кетіп, Ломов көшесі мен Н.Назарбаев даңғылының қиылысында LADA Granta және Hyundai Tucson көліктерімен соқтығысқан. Салдарынан көлік ұрысы оқиға орнында көз жұмды», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 23:19
Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 07:21
Жылы, жауын-шашынсыз: 5 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
05.09.2026, 21:23
Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореядағы таеквондодан Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды
05.09.2026, 22:29
Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты