13.06.2020, 04:25
Оқиғалар
Жамбыл облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Бұл - жыл басынан бері облыста болған үшінші оқиға
Фото: ашық дереккөзден
Жамбыл облысы Шу ауданының Көктөбе ауылында 2009 жылы туған қыз бала суға батып қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қыз өз құрдастарымен суға түсуге болмайтын жерде шомылған. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД 2 қызметкері мен 1 техникасы барды. Біз азаматтарды балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ тыйым салынған жерлерде шомылмауға шақырамыз», - деп жазылған хабарламада.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жазғы шомылу маусымы басталғалы бері үш адам суға батып, оның біреуі құтқырылды. 2 адам қаза тапты.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді