13.06.2020, 03:39
Оқиғалар
Қостанай облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалім 1,3 млн теңге қайтаруы керек
Диплом лазерлік принтерде шығарылған боп шықты
Фото: ашық дереккөзден
Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокурорлары орта мектептердің бірінде жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген ер адамды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қостанай әлеуметтік-техникалық университет дипломының жалған екені анықталды. Диплом лазерлік принтерде шығарылған боп шықты. Аудандық сот мұғалімге осы күнге дейін алған 1,3 млн теңге жалақысын қайтаруға міндеттеді», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар күдікті ҚР Қылмыстық Кодекстің 385 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетсек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық даму министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанда дипломның шынайылығын тексеретін қызмет іске қосылатынын мәлімдеген еді.
Көп оқылған
18.11.2026, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
18.11.2026, 12:05
Астананың аспанынан доллар лақтырған Жақыпов пен Отыншиевтің қайда отырғаны белгілі болды
18.11.2026, 10:15
Қазақстанда іздеуде жүрген және наркологиялық есептегі 720 мың адам inDrive пен Yandex-те такси қызметін ұсынған
18.11.2026, 14:47
Қонаевта 6-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан екінші қабатына құлап, қаза тапты
18.11.2026, 21:42
Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан әйел жындыханаға түсті
