$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.06.2020, 00:14
Оқиғалар

Шымкентте 32 жастағы тұрғын өз-өзін өртеп жібермек болды

Ол мұндай қадамға отбасылық жағдайына байланысты барғанын айтты

Шымкентте 32 жастағы тұрғын өз-өзін өртеп жібермек болды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 32 жастағы ер адам өз-өзін өртеп жібермек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«8 маусым күні «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» ғимаратының алдында ер адам өз-өзіне бензин құйып, өртеп жібермек болған. Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция полкінің қызметкерлері суицид жасамақ болған азаматты тоқтатқан», - деп жазылған хабарламада.

Полицейлер әңгімеге тарту арқылы 32 жастағы адамның өмірін сақтап қалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігімен (өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол мұндай қадамға отбасылық жағдайына байланысты барғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Шымкент #өрт