12.06.2020, 23:37
Оқиғалар
Қазақстанда коронавирустан тағы 2 науқас көз жұмды
Қазақстан бойынша COVID-19 індетінен 70 адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден
Коронавирус індетінен 2 науқас көз жұмды. Павлодар облысында 1956 жылы дүниеге келген әйел, Маңғыстау облысында 1966 жылы туған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 70 адам қайтыс болды:
Нұр-Сұлтан қаласы – 14
Алматы қаласы – 10
Шымкент қаласы – 10
Ақмола облысы – 4
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 3
Қарағанды облысы – 7
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 10
Түркістан облысы – 3
Көп оқылған
09.08.2026, 15:35
10 тамыз күні ауа райы қандай болады
09.08.2026, 16:32
Кинотеатр залын әжетханаға айналдырған: көрерменнің мәдениетсіздігі желіде үлкен дау тудырды
09.08.2026, 13:33
Павлодарда ойын алаңында қысылып қалған 8 жасар бала құтқарылды