12.06.2020, 22:23
Оқиғалар
Жамбыл облысының тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді
46 жастағы тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Фото: баспасөз қызметінен
Жамбыл облысы Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 46 жастағы тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ол жалпы салмағы 17 келіден аса кептірілген марихуананы заңсыз сақтады деген күдікке ілінді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Облыстың көлік полицейлері биылғы жылдың басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 197 қылмыстық құқықбұзушылық анықтаған. Заңсыз айналымнан 59 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті