$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.06.2020, 05:34
Оқиғалар

Қостанай облысында туған жездесін бауыздап өлтірген боксшы қылмыстық жазаға тартылмады

Тергеу амалдары мен сот процесі бір жылға созылды

Қостанай облысында туған жездесін бауыздап өлтірген боксшы қылмыстық жазаға тартылмады
Фото: ашық дереккөзден

Жездесін бауыздап өлтірген боксшы Асылан Мұқанов қылмыстық жазадан құтылып кетті. Бұл жайында бүгін онлайн сотта белгілі болды. Боксшы былтыр жазда туған жездесін ұйықтап жатқан жерінен пышақтап өлтіріп, із жасырмақ болған. Полицейлер қылмыскерді көп ұзамай иен даладан ұстаған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Тергеу амалдары мен сот процесі бір жылға созылды. Осы уақыт аралығында Асылан Мұқанов бірнеше рет сот-медициналық сараптамадан өткен. Сараптама қорытындысы боксшының қылмыс жасаған кезде өз әрекетіне есеп бере алмайтындай жағдайда болғанын жария еткен. 

«ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлімі, 3-тармағы бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылсын. Қоғамға қауіпті әрекет жасау кезінде Асылан Мұқановтың өз ісіне есеп бере алмайтын жағдайда болғаны ескеріліп, қылмыстық кодекстің он алтыншы бабының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын», - деді Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жаннара Тілеубаева.

Сот қаулысына сәйкес, боксшы мәжбүрлі түрде психиатриялық ауруханада емделетін болды.

Серіктес жаңалықтары