$ 538.54  628.31  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Анасы бөтен адамдармен ішімдік ішкен: Павлодар облысында 9 жасар қыз полициядан көмек сұрады

Әйел бірнеше адаммен бірігіп, пәтерде арақ ішкен

Анасы бөтен адамдармен ішімдік ішкен: Павлодар облысында 9 жасар қыз полициядан көмек сұрады
Фото: @rupr.pvlshakeneva

Павлодар облысында 9 жастағы қызы бар әйел пәтерінде өзге ересектермен қосылып арақ ішіп, айналаны азан-қазан қылған. Шудан мазасы кеткен көршілері полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары келген кезде кішкентай қыз олардан көмек сұрап, анасының жанынан алып кетуді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірдің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенованың айтуынша, әйел қатты мас болып, ештеңе түсіндіре алмаған. Ал қыз бала анасының өзін ұрып-соққанын айтып берген.

«Әйел мен оның қызы полиция бөліміне жеткізілді. Анасының орташа дәрежеде мас болғаны медициналық тексерумен расталып, ол уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды. Ал қыз бала уақытша балалар бейімдеу орталығына жіберілді», - деді уәкіл.

Алайда, көп өтпей қыз баланың Ақмола облысындағы туыстары табылып, алып кеткен.

«Әлеуметтік қызметкерлер мен қамқоршылық органдары оның құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Биологиялық әкесі қызының заңды қамқоршысы болу үшін құжаттарды рәсімдеумен айналысуда», - деп жазды уәкіл.

Серіктес жаңалықтары