01.07.2025, 12:08
Оқиғалар
Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
Шенеунікке қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз
Фото: gov.kz
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы басшысы Ақмәди Сарбасов ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растады.
«Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіп бойынша қолдау көрсетуде. Тергеу барысына қатысты барлық сұрақ уәкілетті органдардың құзыретінде», — деп мәлімдеді ведомство.
Айта кетсек, бұрынғы вице-министр Сарбасов Еңбек министрлігінде 2005 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол 2025 жылы министрлікке қарасты құрылым – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның басшысы лауазымына тағайындалған болатын.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды