12.06.2020, 13:01
Оқиғалар
Атырау облысында 48 жастағы ер азамат суға батып кетті
Облыстың бір ғана ауданында 10 тәулікте 3 адам суға ағып қайтыс болды
Атырау облысының Қызылқоға ауданы Миялы ауданында 1972 жылғы ер азамат Ойыл өзеніне ағып кетті, деп хабарлады облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Оқиға 11 маусым күні кешкі алтылар шамасында болған. Ер адам арнайы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен.
«Атырау облысы ТЖД 5 қызметкері, 1 бірлік техника және жергілікті тұрғындардың көмегімен сол күні сағат 19.30-да суға батып кеткен адамның денесі табылып, жағаға шығарылды. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады», - делінген аталған хабарламада.
Айта кету керек, соңғы 10 тәулікте Қызылқоға ауданында 3 адам суға батып кеткен.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды