$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Пәтерінен өлексе табылды»: психикалық ауруға шалдыққан әйел үй ішінде 139 қоян баққан

Көршілері мүңкіген иіске 3 жыл бойы шыдаған 

«Пәтерінен өлексе табылды»: психикалық ауруға шалдыққан әйел үй ішінде 139 қоян баққан
Фото: Freepik

Алматыда психикалық ақауы бар әйел пәтерінде 139 қоян өсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

КТК арнасының хабарлауынша, көпқабатты үйдің тұрғындары 3 жылдан бері сасық иіске тұншығып келген. Себебі жалғызбасты көрші әйел аядай жерге қоян асырап, пәтерін қораға айналдырған.

«Тазалық жоқ. Бәріміз ауырып жатырмыз. Мен өзім аллергия болдым. Жоғарғыда тұратындар астмамен ауырады. Балалар түгел ауру. Үш жылдан бері бәріміз ауырып қалдық. Үш жыл бойы сөйлестік. Бізден қашады. Есігін ашпайды», - дейді тұрғын Сәуле Нұртазина.  

Көршілеріне есік ашпайтын әйел кілтін жоғалтып, учаскелік полицейді үйіне өзі шақырған екен.

«Біз ол жақта 15-30 қоян бар десек, екі тотықұсын қосқанда, өлгендеріне қарағанда, 139 қоян болған»,- дейді Гүлмира Дүйсебаева.

Әйелдің пәтерінен қоянның өлекселері де табылған, қоқыс тау болып үйілген. Полицейлер қояндарды жинап алып кетті. Ал жүйке жүйесінде ақауы бар иесін ауруханаға жатқызды.

«Оқиға орнына барғанда аталған пәтерде үй жануарларының көп мөлшерде және тиісті талаптарға сай келмейтін жағдайда ұсталып жатқаны белгілі болды. Бұл жағдай санитария-эпидемиология қаупіне қатер төндірген. Әкімдік, медициналық қызмет өкілдері және еріктілердің қатысуымен кешенді жұмыс жүргізілді, пәтер иесі медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды. Қояндар әкетілгенімен, иіс қалды. Енді арнайы мамандар алдағы уақытта пәтерге санитарлық тазарту жұмысын жүргізбек», - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі.

Серіктес жаңалықтары