$ 538.54  628.31  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев құқық қорғау органдарының жұмысын талдауға бір апта уақыт берді

Полицияның жұмысын Президент әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесі талдайды

Тоқаев құқық қорғау органдарының жұмысын талдауға бір апта уақыт берді
Фото: Ақорда

Бүгін құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде президент осы саладағы жұмысты талдап, проблемаларды табу үшін президент әкімшілігіне бір апта уақыт берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тоқаев атап өткендей, құқық қорғау органдарының жұмысында қателік бар, бірақ, «қара бұлтты төндірудің де қажеті жоқ». «Қазақстан қауіпсіз, заң мен тәртіпке бағынатын ел болуы керек» деген президент Президент әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесіне бір апта уақыт берді.

«Сондықтан менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесі бір аптаның ішінде Құқық қорғау органдарының жұмысы туралы арнайы талдау дайындауы керек. Барлық түйткілдерді ашық түрде көрсетеді, мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Бұл – өте маңызды жұмыс, оны жалғастыру қажет», - деді Тоқаев сөзін аяқтай отырып.

Серіктес жаңалықтары