17.06.2025, 12:45
Оқиғалар
Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы қаңғыбасқа айналып кеткен (ВИДЕО)
Ол әннің сөзін жазып, 1,5 мың долларға сатқан екен
Фото: скрин
Танымал «Қызыл раушан» әнінің сөзін жазған автор Шуақ Рахымберді араққа салынып, қайыршы болып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оны күлкілі вайндар түсіретін блогер Рахат Маратов қоқыстың арасында, ұйықтап жатқан жерінен тауып алды.
Шуақ Рахымбердінің айтуынша ол «Қызыл раушан» әнінің сөзін жазып, 1,5 мың долларға сатып жіберген.
«Қызыл раушанды әйеліме арнап шығардым. Қызыл раушаным бақытты бол, мен де бақыттымын. Орысшадан аударып, қазақша жаздым. Ұланғасыр Қами айтып жүр. Өткенді қозғай бермейік», - деді ол.
Сондай-ақ Шуақ Рахымберді айтыскер ақын Мұқтар Ниязовтың шәкірті болғанын айтып өтті.
Айта кетсек, әнші Ұланғасыр Қамидің орындауындағы «Қызыл раушан» әні халық арасында өте танымал.
Көп оқылған
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
24.09.2026, 14:10
Шұғыл жағдай: Каспий теңізінде 19 әскери қызметкер суға кетті, 9-ының мәйіті табылды