$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейде қанды қылмыс жасады деген күдікпен адвокат ұсталды

Ол танысын өлтіріп, кейін өртеп, мүлкін сатып жіберген 

Ресейде қанды қылмыс жасады деген күдікпен адвокат ұсталды
Фото: istockphoto.com

Мәскеуде адвокат жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол танысын өлтіріп, денесін пеште өртеп жіберген. Mash Telegram каналының жазуынша, 2024 жылдың аяғында 48 жастағы заңгер Сергей Зуев Мәскеу облысы Солнечногорск ауданындағы үйде 61 жастағы Андрей Терёшкинаны пышақтап тастаған. Олар үй сату бойынша ақылдасып, артынан ақшасына келіспей жанжалдасқан. Сол кезде адвокат танысын өлтіреді.

Зуев мәйіттен құтылу үшін басқа танысын шақырып, қапшыққа салынған мүрдені көлікке тиеген. Танысы оның адам денесі екенінен хабары болмаған. Осыдан кейін өзінің зоокрематорий пешіне салып, өртеп жіберген. Адвокат қанды оқиғаның ізін осылай жасырады да, марқұмның Ленинград даңғылында орналасқан пәтерін, Мәскеу маңындағы үйін және Jaguar S-Type көлігін арзанға сатып жіберген. Барлығы үшін 5 млн рубль пайда тапқан.

Андрей Терёшкинаны туыстары іздеп, дабыл қаққан. Құқық қорғау органдары камераларды тексеріп, адвокаттың ізіне түскен. Тергеу комитеті кісі өлтіру, алаяқтық және аса ауыр қылмысты жасыру баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Серіктес жаңалықтары