$ 539.54  637.09  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауғанстан билігі әйелдерге «тамақ сатып алуға» тыйым салды

40 жасқа дейінгі қыз-келіншектер өздігінен базарға бара алмайды 

Ауғанстан билігі әйелдерге «тамақ сатып алуға» тыйым салды
Фото: qalampir.uz

Енді тәліптер әйелдерге базарға баруға шектеу қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  amu.tv-ге сілтеме жасап. 

Жергілікті тұрғындар мен дүкен иелерінің айтуынша, тәліптердің «иман сақшылары» жақында 40 жасқа толмаған әйелдердің Ауғанстан мен Өзбекстан шекарасындағы Термез  базарына баруына тыйым салған. Олардың сөзінше, бұл шектеу сатып алушылар санын күрт азайтып, трансшекаралық экономикалық қызметке кері әсерін тигізген.

«Бұрын отбасылар, оның ішінде әйелдер, біздің негізгі тұтынушыларымыз болатын. Қазір жас әйелдерге тыйым салғандықтан, тауардың өтуі күрт төмендеді», - деді бір ауған саудагері.

Талибан әйелдерге қатысты қоғамдық және экономикалық шектеулерін күшейтуді жалғастырып жатыр. Алайда ауған билігі жаңа ережесі туралы ешқандай ресми түсініктеме бермеген.

Бұрын Термезге іскерлік немесе сауда мақсатында барып жүрген отбасылар жаңа ережеге байланысты базарға бара алмай қалуы мүмкін екенін айтып жатыр. Базар операторлары Талибан саясатын өзгертпесе, екі елдің халқына да экономикалық зардабы тиеді.

 

Серіктес жаңалықтары