$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.06.2020, 00:54
Оқиғалар

10 маусым күні 6 өңірде өрт болды - ТЖК

Өткен жылмен салыстырғанда өрт дерегі аз болғанымен, адам шығыны көп

10 маусым күні 6 өңірде өрт болды - ТЖК
Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қазақстанда 6 өрт оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Бір тәулікте 6 өңірде өрт болды. Өткен жылдың 4 айымен салыстырғанда өрт дерегі аз болғанымен, адам шығыны көп. Төтенше жағдайлар комитетінің дерегінше, былтыр 109 адам көз жұмса, биыл 130-ға жуықтаған. Оның 14-і кәмелеттік жасқа толмаған балалар. 

Ақмола облысы Степногорск қаласының шетіндегі саяжайда өрт болып, 5 адам қаза тапты. Арасында 7 және 5 жастағы балалар бар.

«Аталған саяжай үйінде пеш те, электр жарығы да болмаған. Өрт салдарынан саяжай үйі мен шаруашылық құрылысы толығымен жанып кетті. Таңғы сағат 5-те оқиға орнына облыс орталығынан өрт зертханасы аттанды. Солардың зерттеуінен соң тілсіз жаудың нақты неден шыққаны анықталады. Өртті толық жою үшін өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне екі сағаттан астам уақыт қажет болды. Жалпы жыл басынан бері аймақта 341 өрт дерегі тіркеліп, оларда 15 адам көз жұмды», - дейді Ақмола облыстық ТЖД басшысы Алексей Советов.

Сонымен қатар кеше Ақтөбе облысының Темір аудандық ауруханасынан 32 адам өрттен құтқарылыпты. Өрт 530 шаршы метр жерді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Ал елорда маңында орналасқан Жібек жолы кентіндегі демалыс кешенінен Төтенше жағдай мамандары 30 демалушы мен 15 кешен қызметкерін қауіпсіз жерге көшірген. Зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары