02.06.2025, 11:36
Оқиғалар
«Кірмеңіз»: Шерзат Полаттың ісі бойынша сотқа қатысқан Жан Ахмадиевті судья қуып шықты
Ол бүгінгі сот отырысында таңертеңнен бері залда отырды
Фото: скрин
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысындағы жарыссөзде судья Ержан Жанұзақов желі белсендісі Жан Ахмадиевті залдан қуып жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жарыссөзге жәбірленушілердің адвокаттары шығып жатқан кезде, Жан Ахмадиев те қосыла тұрды.
«Сіз кімсіз, жай қатысушысыз ба, кірмеңіз онда», - деп сот залынан қуып шықты.
Жан Ахмадиев бүгін сот отырысы басталғаннан бері қатысып отырған болатын.
Еске салайық, қазір тікелей эфирде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Сот отырысының тікелей эфирін «Azattyq Rýhy» YouTube арнасынан көре аласыздар.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды