29.05.2025, 17:30
Оқиғалар
Джорджия Мелони қатысады: Астанадағы саммитке байланысты жолдар жабылады
Форум ертең өтеді
Фото: Астана әкімдігі
Ертең, 30 мамыр күні Астанада «Орталық Азия – Италия» форматындағы алғашқы саммитке байланысты біраз жолдар жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, саммитке бірқатар елдің президенттері мен Италия премьер-министрі Джорджия Мелони қатысады. Осы күні Италия Үкіметінің басшысы Қазақстанға ресми сапармен келеді.
«Осыған байланысты Астанадағы біраз жолдар уақытша жабылады», - деп хабарлайды әкімдік.
Дәлірек айтсақ:
- Сағат 11:00-ден бастап Нәжімеденов көшесі – Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін;
- Аманжолов көшесі – Байтұрсынов көшесінен Нажімеденов көшесіне дейін;
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер ықтимал өзгерістерді ескере отырып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолдағы қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатамыз», - деп хабарлады әкімдік.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)