$ 520.93  609.07  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сыныптасынан қызғанған»: Ошта ер адам түлектердің кешінен кейін әйелін аяусыз өлтірген

40 жастағы ер адам түлектердің 20 жылдығына барған 38 астағы әйелін ұрып, артынан атып өлтірген

«Сыныптасынан қызғанған»: Ошта ер адам түлектердің кешінен кейін әйелін аяусыз өлтірген
Фото: depositphotos.com

Қырғыз Республикасының Ош облысында 40 жастағы ер адам түлектердің 20 жылдық кездесуіне арналған шараға барып келгеннен кейін оны сыныптасынан қызғанып, аяусыз өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Kaktus.media ақпарат агенттігі хабарлағандай, бұл мәліметті редакцияға Ош облысының ішкі істер басқармасы растаған.

Құқық қорғау органдарының болжамы бойынша қылмысқа қызғаныш себеп болған. 1987 жылы туған әйел түлектердің кездесуіне барған. Кейбір дереккөз кездесуіге күйеуі де барғанын жазған.

«А.Б әйелін ұрып, кейін атып жіберген», - деп хабарлайды жергілікті полиция.

Дереккөзге сүйенсек, жедел жәрдем әйелді ауруханаға апара жатқанда көз жұмған.

Полиция «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалған.

Серіктес жаңалықтары