Шерзат ісі: Шынасылдың адвокаты судья Жанұзақовтың үстінен шағым түсірген
Шағымды осы соттың судьясы Беймбетов қарайды

Бүгін, 28 мамырда Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Күннің бірінші жартысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Әбенов төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, бүгін соттың түстен кейінгі отырысы әлі басталған жоқ.
«Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді. Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарайды», - деп хабарлайды сот.
Судья Жанұзақов жарыссөзге дайындалу туралы айтқан еді
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында судья Ерлан Жанұзақов келесі отырыста жарыссөз басталатынын мәлім етткен еді.
«Келесі сот отырысы 28, 29 мамырда өтеді. Сотқа қатысушылар жарыссөзге дайындалып келулеріңізді сұраймын», - деді судья.
Сот отырысы кезінде жәбірленуші тараптың адвокаттары тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаровты шақырды. Кейін дәл сот отырысы кезінде жер сілкініп, отырыс үзіліске шықты.
Естеріңізге сала кетейік, 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процессі әлі жалғасып жатыр.