$ 521.57  601.01  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Перизат Қайрат уақыт ұту үшін істі әдейі созып жатыр – Жеңіс Елемесов

Бірақ, құзырлы орган оған 9 маусымға дейін ғана уақыт берген

Перизат Қайрат уақыт ұту үшін істі әдейі созып жатыр – Жеңіс Елемесов
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Гуманитарлық көмек ретінде жиналған аса ірі қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген Перизат Қайрат уақыт ұту үшін істі әдейі созып отыр. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Іс тергеліп бітті, қазір тараптар онымен танысып жатыр. Перизат Қайрат уақыт созу үшін іспен әдейі ұзақ танысып жатқандықтан, біз оған 9 маусымға дейін ғана уақыт бердік. Кейін үш күн ішінде өзі немесе адвокаттары қандай да бір талап-арыздарын бере алады. Олардың талап-арызы қаралып біткен соң іс прокуратураға кетеді, прокуратура 10 күн ішінде шешім қабылдап, істі сотқа жолдайды», - деді Елемесов.

Басты күдікті – анасы мен өзі ғана: Перизат Қайраттың ісі 100 томнан асып кеткенін айтты

Ақпан айында Елемесов Су тасқыны кезінде қазақстандықтардың қайырымдылыққа жинаған 1 млрд теңгеден астам қаражатын өз қалтасына басты деген күдікпен тергеуде отырған блогер Перизат Қайраттың қылмыстық ісі 100 томнан асып кеткенін айтқан еді.

Елемесовтің сөзіне сенсек, Перизат Қайраттың ісі 2025 жылдың наурызында тергеліп бітеді деген болжам бар. Одан кейін тараптар қылмыстық іспен танысады. Ал ол қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

«Жақын арада, болжам бойынша, наурызда қылмыстық істі тергеу аяқталады. Іс 100 томнан асты. Бұған дейін біз Перзат Қайраттың Палестинаға жинаған ақшаны, су тасқынына жинаған ақшаны өз мүддесіне жұмсағанын айтқамыз. Қаңтар айында оның ісіне жаңа эпизод қосылды. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға сауықтыру орталығын ашамын деген желеумен 22 млн теңгегі жеке мүддесіне пайдаланған. Жалпы, осы айтылған қайырымдылық шараларына ақша жинай отырып ол бірнеше пәтер, жер үй, қымбат көлік алғанын айтқамыз», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары