$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тергеу жұмысын апта сайын тексереміз»: Санжар Әділов Ақнәр Хамиттің ісін өз бақылауына алды

Марқұмның құлап кеткен сәті түсіп қалған видео сараптамаға кетті

«Тергеу жұмысын апта сайын тексереміз»: Санжар Әділов Ақнәр Хамиттің ісін өз бақылауына алды
Фото: Гүлістан Хамиттің жеке архиві

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов қоғамда үлкен резонанс тудырған Ақнәр Хамиттің қазасына байланысты қылмыстық істі жеке бақылауына алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір тергеу тобы құрылды. Жәбірленуші тараптың барлық уәждері толық көлемде тексеріліп жатыр. Бұл істі өзім жеке бақылауға алдым. Тергеу барысын апта сайын тыңдап отырамыз», – деді Санжар Әділов.

Оның айтуынша, тергеу аясында алынған бейнежазбаларға видеофоноскопиялық сараптама тағайындалған.

«Сараптама нәтижесін күтіп отырмыз. Жәбірленуші тараптың барлық мәліметтері мұқият тексеріледі», – деп қосты ол.

Еске салсақ, 22 жастағы Ақнәр Хамит былтыр шілде айында Алматыдағы Amir тұрғын үй кешенінің 7 қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, көз жұмған. Марқұмның анасы Гүлістан Хамит қызын өлер алдында таныстары әбден азаптағанын айтады. Ол Ақнәр терезеден өзі секіріп кетуі мүмкін деген болжаммен үзілді-кесілді келіспейді. Марқұмның анасы істің әділ тексеріліп, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп жақында Бас Прокуратураға үшінші рет келді. Жас қыздың өліміне байланысты резонанс туғаннан кейін Алматы полициясы іске қатысты видеоларды тексеруді бастады.

Серіктес жаңалықтары