$ 519.55  596.03  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ешкімге тіс жарма» деді»: кәмелетке толмаған Думан Ысқақ беттестіруде не деді

Ол бүгінгі сотта тергеу кезінде қобалжып, артық дүние айттым дейді

«Ешкімге тіс жарма» деді»: кәмелетке толмаған Думан Ысқақ беттестіруде не деді
Фото: видеодан скриншот

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында кәмелетке толмаған күдікті Думан Ысқақ беттестіру кезінде айтқан сөздерінен бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу кезіндегі беттестіруде Думан Ысқақ көліктің ішінде Абзал Шынасыл оған «болған оқиға жайлы ешкімге тіс жарма» деп айтқанын жеткізген.

Алайда сот отырысында кәмелетке толмаған жасөспірім бұл сөздерінен бас тартты.

«Ондай ештеңе айтылған жоқ. Тергеуге кіргенде қатты қобалжыдым. Ол кезде анамды көрмегеніме де көп болып еді. Тергеуде де қатты-қатты сөйлеген соң солай айтып қойдым. Қазір ол жауабымды қолдамаймын», - деді Ысқақ.

Сондай-ақ беттестіру кезінде ол Абзал Шынасылдың қолында 2-3 пышақ болғанын айтып, мылтықты көлікке осы күдікті салғанын айтады. Алайда сот отырысында тағы бұл сөзінен бас тартып, шатастым дейді.

Думан Ысқақ  Қылмыстық кодекстің 434-бабымен (аса ауыр қылмысты хабарламау) айыпталып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қазір тікелей эфирде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процессі өтіп жатыр. Сот отырысының тікелей эфирін «Azattyq Ruhy» youtube арнасынан көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары