$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысындағы қоқыс полигондарының 70 пайызы арам болып шықты

135 полигонның қоршауы жоқ, тағы 11-інің тіпті жұмыс істеуге рұқсаты болмаған

Түркістан облысындағы қоқыс полигондарының 70 пайызы арам болып шықты
Фото: freepik.com

Түркістан облысының табиғатты қорғау прокуратурасы аймақтағы қоқыс полигондарының 70 пайызы санитарлық талаптарға сай емес екенін анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Талдау барысынла полигондардың 70 пайызы санитариялық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды. Мәселен, облыс аумағындағы 135 полигонның жарығы жоқ, қоршауы жоқ, 81 полигонның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ, 11 полигонның экологиялық рұқсат құжаттары жоқ болып шықты», - деп хабарлайды прокуратура.

Прокуратура қандай заң бұзу фактілерін тапты

  • Облыстағы 135 полигонның 70%-ы талапқа сай емес

  • Көп полигонда жарық пен қоршау жоқ

  • 81 полигонда санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды жоқ

  • 11 полигон экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеп келген

Заң бұзған полигондардың басшыларына 9 млн теңгеден астам айыппұл салынған, рұқсат қағазы жоқ 11 полигон рұқсат алғанша жұмыс істемейтін болды.

Серіктес жаңалықтары