$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда арзан ішімдікті жарнамалағандар 700 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Олар әлеуметтік желіге ішімдіктердің суретін салып, жарнама берген

Қарағандыда арзан ішімдікті жарнамалағандар 700 мың теңге айыппұл төлейтін болды
Фото: depositphotos.com

Қарағанды облысы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы ірі супермаркеттің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жүйелі түрде бағасы арзан алкоголь өнімдерін жарнамалағанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Прокурорлар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге мониторинг жүргізді, оның барысында «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының этил спиртін, алкоголь өнімдерін және алкогольдік сусындарды имитациялайтын тауарларды насихаттауға тыйым салуға қатысты талаптарды бұзған», - деп жазады облыстың прокуратурасы.

Атап айтқанда, Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы ірі супермаркеттің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жүйелі түрде бағасы төмендетіліп сатылатын алкоголь өнімдерін жарнамалағанын анықтады.

«Осыған ұқсас түрде аудандағы дәмханалар мен мейрамханаларда да заң бұзған. Кінәлі адамдарға 700 мың теңгеден астам айыппұл салынды», - деп хабарлайды прокуратура.

 

Серіктес жаңалықтары