21.05.2025, 17:20
Оқиғалар
«Ертісте екі қайық соқтығысып, өрт шықты»: құтқарушылар Семейде ерекше жаттығу өткізді (ВИДЕО)
ТЖМ ең алдымен адамдарды дұрыс эвакуациялауды үйренген
Фото: скриншот
Төтенше жағдайлар министрлігі Ертіс өзенінде оқу-жаттығу өткізіп, іс-әрекеттерін пысықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сценарий бойынша, Ертіс өзенінің акваториясында адамдар мініп, серуендейтін кемелер соқтығысып қалады. Артынша өрт шығып, халыққа қауіп төнеді.
«Осындай жағдайдағы құтқарушылардың іс-қимылдары пысықталды», - деп хабарлаған ТЖМ ең бірінші не істейтіндерін тізіп өткен.
Ең алдымен:
- Борт сыртындағы адамдарды құтқарып, эвакуациялау керек:
- Кемедегі өртті сөндіру керек
- Зардап шеккендерге шұғыл көмек беру керек
- Навигация арқылы басқа кемелерге ақпарат беру керек.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды