$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әскерге бармаған жігіттерге тұрмысқа шықпаңдар»: қырғыз депутаты қыздарға үндеу жасады (ВИДЕО)

Надира Нарматова әскерге бармаған жігіттер отбасыларына ие бола алмайды деп санайды

Қырғыз Жоғарғы кеңесінің депутаты Надира Нарматова кеңестің бүгінгі отырысында әскерге бармаған жігіттер әлсіз келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Kaktus Media жазғандай, Надира Нарматова әскерге бармаған жігіт Отанын қорғай алмайтыны, ал Отанын қорғай алмаса отбасын да сақтап қала алмайды дейді.

«Егер жігіт әскерге бармаса, Отанын қалай қорғау керек екенін білмесе, ол отбасы үшін қалай жауап береді? Сондықтан, ажырасу да көбейіп кетті, тірі жетімдер көбейіп кетті. Әскерге бармаған жігіттің мінезі де жұмсақ болады. Бұл деген отбасы институтының бұзылуына себеп болады. Біздің жігіттер отбасы үшін жауап бере алуы керек. Сондықтан, міндетті түрде әскерге баруы керек», - деп мәлім етті депутат.

Серіктес жаңалықтары