Қансырап жатқан Шерзаттың басын көтеріп, көмек шақырған Ғайыпбаевты ұрып-тепкен – Шынасылдың жауабы
Күдікті қазанның басында берген жауаптарын мойындайтынын айтты

Сот отырысында Шерзат Полатты пышықтады деп айыпталған күдікті Абзал Шынасыл жәбірленуші тараптың адвокаттарының сұрақтарына жауап берді. Бұған дейін ол өткен жылдың 16 қазанынан кейінгі жауаптарым ойдан шығарылған, 4-5 қазан күнгі жауаптарымды ғана мойындаймын деген еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абзал Шынасыл Шерзат Полат жараланып қалғаннан кейінгі оқиғаны айтты. Ол Нұрқанат Ғайыпбаев пышақталып жатқан Шерзат Полаттың басын ұстап, жедел- жәрдем деп айғайлап отырған кезде жүгіріп барып Ғайыпбаевты теуіп-ұрған.
«Сол кезде қасымда балалар болды, бірақ кімнің не істеп жатқанын аңғармадым», - деді ол.
Сондай – ақ 4 қазанда Талғардағы Эйфория кафесінде сыра ішіп, артынан «Қызылжар» арағын үш-төрт дана іштік деген ол бүгін «Өз басым сыра ғана іштім», - деп жауап берді. Ал оқиға ортасында жүрген, Абзал Шынасылдың пышағының қанын жууға көмектескен Дана Жақсыгелдімен 4-5 күн бұрын әлемметтік желіде танысып, қанды оқиғаға дейін бір рет кездесуге шыққанын айтты.
Еске салайық, сотты біздің ютуб-арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.