$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.06.2020, 16:40
Оқиғалар

АҚШ-тағы наразылық кезінде қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы жоқ – СІМ

АҚШ-та полиция қолынан қаза тапқан Джордж Флойдтың өлімінен кейін наразылық әлі басылмай жатыр

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров АҚШ-тағы наразылық кезінде қазақстандықтың қаза тапқаны жайлы әлеуметті желілерде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Түрлі чаттар мен пабликтерде АҚШ аумағында наразылық акциялары кезінде бір қазақстандық қайтыс болды деген ақпарат жүр. Ол – жалған ақпарат. Егер Қазақстанға қатысты төтенше жағдай болса, сол елдің елшіліктері бізге хабарлайды. Соңғы апта ішінде біздің елшілікке ондай бірде-бір хабар келіп түскен жоқ. Мұндай жалған ақпаратқа сенбеуді сұраймыз», - деді Смадияров жауабында.

Бүгін әлеуметтік желілерде АҚШ-тың Нью-Иорк қаласында өтіп жатқан шеру кезінде бір қазақстандық азаматтың көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Алайда, ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпарды жоққа шығарып отыр. Айта кетейік, Миннеаполис штатында афроамерикалық Джордж Флойд полиция өкілдерінің қолынан қаза тапқан соң, АҚШ-та жаппай наразылық шаралары басталды. 

Серіктес жаңалықтары