08.06.2020, 22:11
Оқиғалар
Алматы тұрғыны туған қызы мен күйеу баласын атып өлтірді
69 жастағы қария кейін өз-өзіне қол жұмсаған
Фото: ашық дереккөзден
8 маусым күні Алматы қаласының Түрксіб ауданында 1951 жылы туған тұрғын отбасылық жанжал кезінде 1987 жылғы күйеу баласы мен 1979 жылғы қызын атып өлтіріп, содан кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, қару тұрғынның атына тіркелген. Қайғылы оқиғаның басқа да жағдайлары анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
