$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.06.2020, 12:57
Оқиғалар

Сарыағаш ауданында соңғы қоңырау мерекесі күндерінде 27 көлік айыптұраққа қойылды

Олардың екеуі – куәлігі болмаса да көлік басқарған жасөспірімдер

Сарыағаш ауданында соңғы қоңырау мерекесі күндерінде 27 көлік айыптұраққа қойылды
скриншот: youtube

Түркістан облысының полицейлері соңғы қоңырау мерекесі күндері рейд жүргізіп, 27 көлікті айыптұраққа қойды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Маусым айының 3-4 күндері аралығында «Жас түлек-2020» атты мектеп бітіру мерекелік шаралары өткізілді. Іс-шара аясында Сарыағаш ауданы аумағында орналасқан барлық жалпы орта білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілердің арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алып, тәртіпті сақтау мақсатында күндізгі және түнгі рейд жүргізді.

Тәртіп сақшылары автокөлік жалдап көліктер шеруін ұйымдастырған, жүргізуші куәлігі болмаса да көлік басқарған жасөспірімдерді анықтады. Нақтырақ айтсақ, екі күндегі рейдтік жұмыстар шеңберінде Сарыағаштық тәртіп сақшылары 27 автокөлікті айыптұраққа қойды. Олардың екеуі куәлігі болмаса да көлік басқарған жасөспірімдер, олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске салайық, 4 маусымда Жаңаөзенде мектеп бітіруші түлектердің кортежіне қатысқан жүргізушілер жауапқа тартылды

Серіктес жаңалықтары