$ 517.45  598.59  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазселденқорғау» мекемесінде жұмыс істемей, жалақы алып жүрген адам анықталды

Оны өтірік жұмысқа орналастырған филиал басшысы 3 жылға сотталды

«Қазселденқорғау» мекемесінде жұмыс істемей, жалақы алып жүрген адам анықталды
Фото: Azattyq ruhy

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің Шығыс Қазақстандағы филиал басшысы үш жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Өйткені ол өзінің өкілеттілігін асыра пайдалана отырып, алаяқтық жасаған. Дәлірек айтсақ ол бір азаматты филиалға өтірік негізде жұмысқа алған. Бірақ, әлгі адам филиалда бір де бір қызмен атқармай, жалақы алып, оны әлгі филиал басшысының қолына ұстатып отырған.

«Жұмысқа тұрған азамат зейнетақы қорына түскен қаражатын қосқанда, 2 734 881 теңге көлемінде заңсыз жалақы алған», - деп хабарлайды Өскемен қаласының №2 соты

Сотта филиал басшысы кінәсін мойындаған.

«Кінәлінің жеке басын, оның кінәсін толық мойындауын, шын ниетпен өкінуін, сондай-ақ келген залалды толық өтеуін ескере отырып, сот оны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары